Тоқаев ақшаны оңды-солды шашуды тоқтату керегін айтты

Тоқаев ақшаны оңды-солды шашуды тоқтату керегін айттыplaceholder

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің жолын атады, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

“Мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірден бір жолы – көрпеге қарай көсілу. Сондықтан бюджет қаражатын стратегиялық маңызы жоқ, аса шұғыл емес шаруаларға оңды-солды шашуды доғару керек.

Бюджетаралық қарым-қатынасты да ретке келтіру қажет. Шағын және орта бизнестен түсетін салықты аймақтардың өзінде қалдыру дұрыс әрі уақтылы қабылданған шешім болды. Бұл қадам кәсіпкерліктің дамуына едәуір серпін берді. Сонымен қатар әкімдердің дербестігін арттырды. Алайда кейбір әкімдер қосымша кіріс көзіне ие болған соң, оны елге пайдасыз іске шашып, тиімсіз жұмсайтын болды. Аса маңызды емес міндеттер мен жобаларға қаржы бөле бастады. Үкімет бюджет тапшылығының орнын толтыратын қаржы көзін табу үшін тиімді компенсациялық тәсілдер ойластыруы қажет”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

20 − 7 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар