ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ӘДЕПСІЗ ӘРЕКЕТ ҮШІН ӘКІМШІЛІК ШАРА ҚОЛДАНЫЛДЫ
Әлеуметтік желілерге жүргізілген тұрақты мониторинг барысында TikTok платформасындағы тікелей эфирлердің бірінен қоғамдық әдеп нормаларына қайшы келетін әрекет анықталды.
Атап айтқанда, тікелей эфир барысында қолданушылардың бірі бірнеше мәрте бейәдеп сөздер айтып, қоғамға ортақ әдеп нормаларын сақтамаған. Осыған байланысты аталған жағдай бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде құқық бұзушылық жасаған азаматтың Қызылорда қаласының 39 жастағы тұрғыны екені анықталды. Құқық бұзушылық фактісі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік іс қаралып, сот шешімімен азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған тиісті мөлшерде айыппұл салынды.
Құқық қорғау органдары азаматтарды әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде қолданыстағы заң талаптарын сақтауға, өзге азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрметпен қарауға және қоғамдық әдеп нормаларын бұзбауға шақырады.
Полиция интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды анықтау бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Әлеуметтік желілердегі жарияланымдар мен тікелей эфирлерге де заң талаптары аясында мониторинг жасалады.
Айта кетейік, виртуалды кеңістікте жасалған әрекеттер де қолданыстағы заңнама талаптарына бағынады. Заң талаптарын бұзған жағдайда, құқық бұзушылықтың сипатына қарай азаматтарға тиісті әкімшілік немесе өзге де жауапкершілік көзделуі мүмкін.
Сондықтан әлеуметтік желі қолданушыларын ақпарат жариялау, тікелей эфир жүргізу және пікір білдіру кезінде жауапкершілікті сақтап, әдеп нормаларын ұстануға шақырамыз.
ЗАҢМЕНТӘРТІП
