Тереңөзектіктер көшелеріне төселген тасты, орнатылған жарықты таппай отыр

ЖОЛДАР МЕН ЖАРЫҚ ШАМДАРДЫ КІМ КӨРДІ ҚАЙДА ҚАШЫП КЕТТІ.mp4.Still005

Тұрғындар бюджет есебінен көшелеріне төселген тастың қазір ізі де қалмағанына ашулы, деп хабарлайды «Азаттық-ньюс» Ақпараттық Агенттігі.

Сырдария ауданының орталығындағы Қызылдихан және А.Оразбаева көшелерінің тұрғындары жолға жүргізілген орташа жөндеу жұмыстарының сапасын сынға алды. Олардың шағым айтқан видеолары әлеуметтік желіде жарияланды.

ЖОЛДАР МЕН ЖАРЫҚ ШАМДАРДЫ КІМ КӨРДІ ҚАЙДА ҚАШЫП КЕТТІ.mp4.Still003

Көпшіліктің айтуынша екі көшеге осыдан бірнеше жыл бұрын тас төселген. Жол жөндеушілер әр жерге бір шашып тастаған қиыршық тастан қазір бір түйір де қалмады дейді.

ЖОЛДАР МЕН ЖАРЫҚ ШАМДАРДЫ КІМ КӨРДІ ҚАЙДА ҚАШЫП КЕТТІ.mp4.Still004

«Тастың төселгеніне 5-6 жыл болды. Иә оның тасы қай жақта, топырағы қай жақта екенін біз білмейміз. Бір-бір сыпыра жайды да кетті. Жарық та жоқ. Оқушы балаларға обал болды», дейді Сырдария кентінің тұрғыны.

ЖОЛДАР МЕН ЖАРЫҚ ШАМДАРДЫ КІМ КӨРДІ ҚАЙДА ҚАШЫП КЕТТІ.mp4.Still002

«Осыдан біраз бұрын тас төседі. Әр жерден бір төгіп  кетті. Содан қазір есек арбамен жүретін жол болып қалды ғой. Не жарық жоқ, не жол жоқ. Әкімдіктен сұрастырсақ, ол көшенің жарығы бар, тас төселген деп есеп береді», – дейді екінші бір Сырдария кентінің тұрғыны.

1541150801 20151007 150811

Расымен, әкімдік аталған екі көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, жарық орнатылған деп отыр.

«А.Оразбаева көшесінің негізгі көшесі 2015 жылы орташа жөндеуден өткізіліп, асфальт төселді. Ал, аталған көшенің екі үй орналасқан бас жақ бөлігі 2016 жылы бұрынғы Қызылдихан көшесімен бірге орташа жөндеу есебінен тас төсеу жұмыстары жүргізілді. А.Оразбаева, Қызылдихан көшелерін жарықтандыру жұмыстары да атқарылған», – деп жауап берді әкімдік өкілдері.

Алайда шенділер атқарылды деген жұмыстарға мемлекет қазынасынан қанша қаражат жұмсалғанын айтпады. Ал, тұрғындар нөсерлі күз айларында көшелеріміз ми батпаққа айналады ма деп алаңдап отыр.

АВТОР: АБАЙ НҰРЖАНҰЛЫ

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

9 + пять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар