«Таза су айдындары» акциясы қорытындыланды

1

Биылғы тазалау жұмыстарына инспекция бойынша барлығы 781 адам қатысып, 125 техника мен 15 шағын көлемдегі кеме жұмылдырылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Осы жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында республиканың барлық өңірінде «Таза су айдындары» деп аталатын табиғат қорғау акциясы ұйымдастырылды. Ауқымды түрде өткен бұл акция су айдындары мен жағалау аумақтарын қоқыстан тазарту арқылы табиғатқа жанашырлықпен қарау керектігін білдіреді. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Жанқожа Сапаров аталмыш акцияның қорытындысы туралы баяндады.

– 6 сәуірде Қызылорда қаласына қарасты Шіркейлі каналының сол жақ жағалауында кең көлемде «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы өткізілді. Акцияға Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, ғылыми зерттеу ұйымының қызметкерлерімен табиғат пайдаланушылары, сондай-ақ студенттер, еріктілер және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Сонымен қатар, бұл науқан Арал ауданындағы Кіші Арал теңізінің учаскелері мен Түркістан облысы Шардара ауданынында Шардара су қоймасының учаскелерінде кең көлемде өткізілді. Айта кету керек, биылғы тазалау жұмыстарына инспекция бойынша барлығы 781 адам қатысып, 125 техника мен 15 шағын көлемдегі кеме жұмылдырылды. Су айдындарының түбінен және жағалаудан 315 дана көне ау құралдары мен 28 дана қармақ, 115 тонна 258 кг тұрмыстық қалдықтар шығарылып, тиісті орындарға жиналды. Ал, Қызылорда облысы бойынша 637 адам қатысып, 100 автокөлік пен 9 шағын көлемдегі кеме жұмылдырылды. Су айдындары мен жағалауынан 170 дана көне ау құралдары мен 28 дана қармақ, 101 тонна 785 кг тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Сондай-ақ, бізде жыл сайын тиісті мүдделі органдармен бірлескен «Уылдырық шашу» балық қорғау акциясы ұйымдастырылады. Биылғы науқан қорытындысымен балық аулау ережесін бұзушылықтың 96 дерегі анықталып, 19 іс сот орындарының қарауына жіберілді. Акция кезінде балық аулау ережесін бұзғаны үшін 75 жеке тұлғаға айыппұл салынды, – деді ЖАНҚОЖА РАМБЕРДІҰЛЫ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четырнадцать + шестнадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар