Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында партия қолға алған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы Шиелі ауданында жалғасты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Акция шеңберінде бүгін Шиелі ауданы, Шиелі кенті Ю.Гагарин көшесінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Тазалық акциясына аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұргүл Шалекеева, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, жастар рухының еріктілері мен филиал қызметкерлері қатысты.
Акция барысында сөз алған аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі Нұргүл Шалкеева аудан тұрғындарын тазалықты сақтауға шақырды.
Тазылық табалдырықтан басталады. Әрбір азамат есік алдын мұнтаздай етіп таза ұстаса, кешелер күл қоқыспен ластанбас еді. Тазалық бұл – таза ауа. Таза ауа денсаулықтың кепілі. Сондықтан өз денсаулығымыздың дұр, балаларымыздың сау болғанын қаласақ, тазалыққа ереке мән беруіміз керек. Мемелкет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының негізгі мақсатын әрбіріміз дұрыс түсінуіміз керек. Сондықтан барша жерлестерімді тазалықты сақтауға шақырамын»,-деді Нұргүл Шалкеева.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акцияға 30-дан астам адам қатысып, 1 техника тартылды.Нәтижесінде көше бойы тазартылып, 1 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.