460147132 935965391902431 639949942980509932 nplaceholder

Тақырыптық қабылдауда коммуналдық мәселелер бойынша кеңес берілді

“AMANAT” партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен “Құқықтық көмек” партиялық жобасы аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша тақырыптық қабылдауы өткізілді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қабылдауды облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Усаин Медет және қалалық тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Бақтияров Дархан Пралиұлы өткізді.

Қабылдау барысында тұрғындардың көшелерді жарықтандыру, ауыз су жүйесін жүргізу, газ тарату желілерін салу, тұрақты жұмысқа орналасуға қатысты өтініш тілектері тыңдалды.

Ауыз су, газ мәселелер бойынша тиісті өтініш иесіне бюджеттік-сметалық жобаға ұсынылғанын, алдағы уақытта нақты жұмыс жасалатындығы түсіндірілді.

Тұрақты жұмысқа орналасу мәселесі бойынша «Еңбек мобильділігі орталығы» арқылы жұмыстар ұсынылып, бірлесіп жұмыс жасау бойынша кеңес берілді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

десять + 10 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар