Сырдария ауданында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Azattyq-news
1 Min Read

Сырдария ауданында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған шара мамыр айының 15-25 күндері аралығында аудан көлемінде ұйымдастырылуда.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері аудан аумағындағы негізгі көшелер мен жол бойларында күшейтілген бақылау жұмыстарын жүргізуде. Негізгі мақсат – қоғамдық тәртіпті сақтау, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтау деңгейін бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Рейд кезінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілері, атап айтқанда жылдамдықты асыру, қарсы бағытқа шығу, қауіпсіздік талаптарын сақтамау секілді заң бұзушылықтар жіті бақылауға алынуда.
Сонымен қатар, заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын автобус және такси көліктерін анықтау бағытында да кешенді жұмыстар жүргізілуде. Құжаттары талапқа сай келмейтін жүргізушілерге қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылдануда.
Сырдария аудандық полиция бөлімі тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру