Сыр самбошылары олжалы оралды

442479297 2007548489640653 3238386276253239978 n

Ақтау қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан жасөспірімдер, жастар, кадеттер және шеберлер арасында Азия және Океания чемпионаты өтті. Дүбірлі додада сыр спортшылары 7 алтын, 5 күміс, 6 қола иеленді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жүлдегерлерді теміржол вокзалынан күтіп алу салтанатында жанкүйерлері, жаттықтырушылар, спортшылар, көрермендер жиналды.

Осындай жетістікке жеткен спортшыларды Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқарма басшысының орынбасары Жігер Айекешов құттықтады.

Айта кетейік, 11-15 мамыр аралығында Маңғыстаудың «Халық Арена» спорт кешенінде Азия және Океания елдерінің халықаралық чемпионатына 25 елден 500-ге жуық спортшы бақ сынаған болатын.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар