Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен су тасқыны болған аймақтарға көмек жіберу жалғасуда. Батыс Қазақстан облысына 106 арнайы техника жөнелтілді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Арнайы техникалар бір тәулік ішінде әзірленіп, теміржол арқылы арқылы жолға шықты.
Еске салсақ, осы уақытқа дейін су апаты болған аймақтарға 296 қызылордалық құтқарушы, 135 техника жіберілді.