Сыр өңірінде «Тіл тазалығы» акциясы ұйымдастырылды

2019 05 15 20171122144638246 big

Қызылордада Тіл айлығы аясында түрлі акциялар өткізілуде, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, салт-дәстүрлерімізді насихаттау мақсатында халқымыздың жыл басы және жаңару айы – Наурыздан бастап Сыр өңірінде биылғы жыл – «Руханият жылы» деп жарияланды.

Осыған байланысты «Тіл – руханият өзегі» атты жастар арасында мемлекеттік тілді дәріптеудің іс-шаралар жоспары бекітіліп, 3-30 сәуір аралығында «тіл айлығы» жарияланды.

Тіл айлығы 4 сәуір күні кәсіпкерлік нысандардың көрнекі ақпараттарында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету бағытында «Тіл тазалығы» атты акциясынан бастау алды.

Акцияның негізгі мақсаты – кәсіпкерлік нысан иелеріне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бап талаптарын түсіндіру, көрнекі ақпараттарды тек мемлекеттік тілде жазуға шақыру, жарнама мәтіндерін сапалы аудару, грамаматикалық, стилистикалық дұрыс жазу бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Акцияға облыстық қоғамдық даму басқармасы мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ж. Аманов, «Жастар рухы» Жастар қанаты облыстық филиал төрағасының орынбасары Ә. Какарманова және «Таза тіл» ерікті жастар тобы қатысып, Қызылорда қаласының Желтоқсан, Әйтеке би көшелерінің бойында орналасқан кәсіпкерлік нысан иелеріне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының «Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі» атты 21-бабына енгізілген өзгерістерді түсіндірді.

Түсіндіру барысында кәсіпкерлік субъектілерінің маңдайшаларын, хабарландыруларын, жарнамаларын, сондай-ақ баға көрсеткiштерiн, ас мәзірлерін және басқа да көрнекi ақпараттарды міндетті түрде мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс және (немесе) басқа да тілдерде жазу, сондай-ақ деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес және мәтіннің теңтүпнұсқалы аудармасын сақтай отырып жазу қажеттігі туралы айтылды.

Кәсіпкерлік нысан иелеріне «Тіл туралы» Заңнан үзінділер, әдістемелік көмектер көрсету үшін және анықтама алу сұрақтары бойынша байланыс телефондары жазылған таратпа материалдар берілді.

Акция 19 сәуірге дейін жалғасатын болады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четыре + 20 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар