Сыр өңірінде электр жүйелерін жаңғыртуға 11 миллиард теңге бөлінді

big 674cb4afc67a7a64

Биыл Қызылордада электр желісі мен қосалқы станциялардың тозу деңгейі 66 пайызды құрады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жаз мезгілінде электр энергиясын үнемдеу өзекті мәселенің бірі. Әрине, аптап ыстықта бәріміз де салқындатқыш пен желдеткіш құрылғыларына тәуелдіміз. Десе де мұның теріс жақтары да жетерлік. Мәселен, электр энергиясын шамадан тыс пайдалану қоршаған ортаның ластануына әсер етеді. Сала мамандарының айтуынша, 2022 жылмен салыстырғанда облыста электр энергиясын тұтыну көлемі 25 пайызға артқан. Өз кезегінде бұл электр желілері мен қосалқы станцияларға айтарлықтай күш түсіреді. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында тиісті сала мамандары тұрғындарды электр энергиясын тиімді пайдалануға шақырды.

– Қазіргі таңда өңірдегі электр энергиясын тұтыну көрсеткішкі 196 МВт құрайды. Облыс аумағында 10 491 шақырым электр желісі мен 2 008 дана қосалқы станция бар. Олардың тозу деңгейі 66 пайызды құраса, жыл соңына дейін 62 пайызға дейін түсіру жоспарланып отыр. Айта кету керек, өткен жылы 32 жобаны жүзеге асыруға тиісті қаржы бөлінді. Нәтижесінде, 677 шақырым электр желісі жүргізіліп, 135 дана қосалқы станция орнатылды. Ал, биыл электр жүйелерін жаңғырту бойынша 38 жобаға 11 млрд теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға 786 шақырым электр желісі жүргізіліп, 175 дана қосалқы станцияларға жөндеу жүргізіледі, – деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары ТАХИР НӘДІРБЕК.

– Соңғы жылдары облыста электр энергиясын тұтынушылардың саны артып отыр. Мәселен, 2022 жылдың 5 айында 189 682 болса, өткен жылы 192 314, ал биыл бұл көрсеткіш 194 858 болып отыр. Сондай-ақ, электр энергиясын тұтыну көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 25 пайызға өскен. Өздеріңіз білесіздер, қазір күн өте ыстық. Соған сәйкес, тұрғындар да электр энергиясын шамадан тыс қолдануда. Әсіресе түскі уақытта электр энергиясын тұтыну көлемі екі есеге дейін өсіп отыр. Бұл электр желілері үшін шамадан тыс күш түсіреді. Сондықтан, тұрғындарды мүмкіндігінше электр энергиясын тиімді әрі үнемді пайдалануға шақырамыз, – деді «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы БАТЫРЖАН ҚАРАКӨЗОВ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар