Сыр өңірінде ел игілігіне жаңа медициналық нысан берілді

WhatsApp Image 2024 01 08 at 20.27.57

Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Дүр Оңғар ауылында жаңа амбулатория пайдалануға берілді. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев салтанатты шараға қатысып, тұрғындарды құттықтады. Медициналық мекеменің ашылуына  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев та қатысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

WhatsApp Image 2024 01 08 at 20.27.59

Өңір басшысы ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен  құттықтап, отандық медицинадағы жаңашылдықтардың өңірдің денсаулық сақтау саласында қолданылуы, ауруханалардың материалдық-техникалық базасын жаңарту жайлы айтты.

WhatsApp Image 2024 01 08 at 20.27.59 3

 – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынуы жоспарланған 27 нысанның 15-нің құрылысы былтыр аяқталды. Жаңа жыл қарсаңында Ақжар және Тұрмағамбет ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар өз қызметін бастаса, бүгін Дүр Оңғар ауылындағы амбулатория халық игілігіне табысталуда. Биыл облыста 21 медицина нысанының құрылысы жүргізіледі. Ұлттық жобамен Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы көпбейінді орталық ауруханалар жанынан қосымша ғимараттар құрылысы басталады. Ауылдарда 9 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, жергілікті бюджеттен Арал ауданында «Қамқорлық» оңалту орталығы, Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында ауылдық аурухана салынады. Қазір 9 медициналық нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, 5 нысанның жылу жүйесі газға ауыстырылуда. Бұл жұмыстарға 3 млрд 700 млн теңге қаралды. Облыстық психикалық денсаулық, өкпе аурулары орталықтарына күрделі жөндеу жүргізілуде. Келесі жылы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасын жөндеуге кірісеміз – деді НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар