461398878 2100523917009776 5164626264548858222 nplaceholder

Сыр елінің тартуы елордаға

Бүгін Астана қаласына ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен жолға шықты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

28-29 қыркүйек күндері Қызылорда облысының тауарөндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылуда.

Арқа төріндегі тұрғындарға Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын мен қарбызы, ұлттық сусындары жеткізіледі.

Сонымен қатар, елордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр Елінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылады.

Жалпы жәрмеңкеге 70 жүккөлікке тиелген 80-ге жуық Сыр дихандары мен тауарөндірушілері құны 270 млн. теңгені құрайтын 600 тоннадан астам өнімдер елордалық тұрғындарға ұсынылады.

Атап айтқанда, 300 тоннадан астам күріш, 6 тонна ет өнімі, 30 тоннадай балық өнімі, 80 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 180 тонна бақша өнімі, 3 тонна ас тұзы, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімі жөнелтіледі.

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын Сыр елінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырамыз!

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

10 − 7 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар