457396763 809183761402870 7150468004736412314 nplaceholder

Сыр елінде «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев «Мерейлі отбасы-2024» байқауының облыстық кезеңінде жеңіске жеткен отбасыларды марапаттап, жерлестерін алдағы Конституция, Отбасы күні мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Берекелі шаңырақ – елімізді үйлесімді әрі орнықты дамытудың мызғымас кепілі. Сондықтан мемлекет ана мен баланы қорғау жүйесін жетілдіруге, отбасы құндылықтарын ұлықтауға баса мән береді», – деді.

2013 жылдан бері қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні, 2014 жылдан «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіліп келеді. Мерейлі отбасы – береке-бірлігімен, тәлім-тәрбиесімен, қалыптасқан қағидасымен, асыл қасиеттерімен баршаға өнеге. Сондықтан, олардың үлгісін дәріптеп, тағылымын көпке тарату маңызды. Биылғы конкурс нәтижесімен 16 отбасы үздіктер қатарынан табылды. Барлығы өскен-өнген әулеттер мен шаңырақтар. Өңірлік комиссияның шешімімен Төлеміс Бектаевтың отбасы республикалық конкурста облысымыздың мерейін үстем етеді. Бүгінгі мерейлі күнде шаңырағында ізгі қарым-қатынас, игі дәстүрлер сақталып, өзара сыйластық салтанат құрған барлығыңызға ризашылығымызды білдіреміз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Конкурс қорытындысымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы облыстық кезеңінің жеңімпазы болып Бектаевтар отбасы (Жалағаш ауданы) танылып, бас жүлде иеленді. Жаңақорғандық Мырзабаевтар отбасына І орын, қызылордалық Жарқынбековтер әулетіне ІІ орын, сырдариялық Есекеевтер отбасына ІІІ орын берілді. Мұнан бөлек, «Өнегелі отбасы» номинациясы Байқадамовтар отбасына (Қазалы ауданы), «Үлгілі отбасы» номинациясы Төреқожаевтар отбасына (Жаңақорған ауданы), «Ұлағатты отбасы» номинациясы Әбішбаевтар отбасына (Шиелі ауданы), «Ынтымақты отбасы» номинациясы Әбдіқалиевтер отбасына (Қармақшы ауданы), «Өнерлі отбасы» номинациясы Досмамбетовтер отбасына, (Арал ауданы), «Берекелі отбасы» номинациясы Жайсаңбаевтар отбасына (Қызылорда қаласы) бұйырды. Конкурсқа қатысушыларды ынталандыру мақсатында «Еңбекқор отбасы» номинациясы Пірдашевтер отбасына (Қармақшы ауданы), «Жігерлі отбасы» номинациясы Шербатшаевтар отбасына (Сырдария ауданы), «Кемел отбасы» номинациясы Шалбаевтар отбасына (Арал ауданы), «Шуақты отбасы» номинациясы Мырзабаевтар отбасына (Шиелі ауданы), «Бәйтерек отбасы» номинациясы Шәкішевтер отбасына, (Қазалы ауданы), «Мәуелі отбасы» номинациясы Әзмахановтар отбасына (Жалағаш ауданы) табысталды.

Салтанатты іс-шара мерекелік концертке ұласты.

Бүгінде Қызылорда облысында отбасыларға қамқорлық пен көмек үздіксіз көрсетіліп келеді. Ана мен баланы қорғауға арналған қаржы, көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі жыл сайын өсуде.

Аналардың 17 мыңға жуығы – «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлері, 34 мыңға жуығы – көп балалы. Оларға ай сайын 2 млрд 85 млн теңге мемлекеттік жәрдемақы төленуде.

Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған тың жобалар жүзеге асуда. Жас отбасыларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Сыр жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама аясында жыл басында 60 жас отбасы қоныс тойын тойласа, жақын күндері 40 жас отбасына пәтер кілттері табысталады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

5 × три =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар