Қазгидромет елдегі алты өңір жұртшылығына қатты ыстық болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Синоптиктердің болжауынша, 19 маусымдағы жағдай қауіпті.
“Қазақстан Республикасының солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-батысында антициклон ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады, Қазақстан Республикасының қалған бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктері сақталады, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, жел күшейеді”, – делінген хабарламада.
Бүгін күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.