Швейцарияда шеберлігін шыңдаған

434720751 1977654889296680 7921171624973680456 n

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушылары Швейцарияда шеберлігін шыңдап келген болатын. Тағылымдамадан өтуші ұстаздар БАҚ өкілдеріне брифинг берді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Ілімге деген ізденіс, білімге деген бағыт үлкен қызығушылық пен құмарлықтан туады. Білім мен ғылым жолындағы үлкен ізденістің арқасында «500 ғалым» жобасына қатысып, әлімнің үздік ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өткен қызылордалық жас ғалымның бірі – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Гүлнұр Далдабаева ауыз су сапасын жақсарту мақсатында өзінің арнайы жобасын әзірлеген. Осыған орай, бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында жас ғалым БАҚ өкілдеріне өз жобасын толығырақ баяндап берді.

-Біз бұл тағылымдамаға 1 жыл бұрын дайындалған едік. Үлкен конкурстардан іріктелдік. Осының арқасында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 14 оқытушысы шет мемлекеттерге тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды. Соның ішінде университет оқытушысы Эльмира Елеуова екеуміз Швейцария елі, Солтүстік – Батыс Швейцария қолданбалы ғылымдар және өнер университетінде үш ай көлемінде тәжірбие жинақтадық. «Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» дегендей, шет мемлекеттегі оқытушылардан үйренгеніміз көп болды. Жалпы әлемде су тапшылығы мәселесі күннен күнге күрделеніп барады. Осыған орай, былтыр университетінің ғалымдары мақсатты қаржыландыру бағдарламасы бойынша «Қызылорда облысында су тапшылығы жағдайында мал азықтық дақылдары мен ағаш екпелерін суару үшін сарқынды суларды қауіпсіз утилизациялау технологиясын әзірлеу» тақырыбындағы гранттық жобаны ұтып алды. Қазіргі таңда зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады, – деді ГҮЛНҰР ТӨРЕХАНҚЫЗЫ.

-Тағылымдаманың басты мақсаты – агроөнеркәсіп кешені саласындағы ауыз су құрамын зерттеу. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақытта су мәселесі барлық әлемді алаңдатып отыр. Осы бағытта ағынды сулар мен химиялық қоспаларды көптеп зерттедік. Әрине, шет мемлекеттегі озық тәжірбиелерді ғылыми жоба барысында пайдалану үлкен жұмысты талап етеді. Дегенмен, су сапасын жақсарту және оны қайта пайдалану жағын қарастырып көрмекпіз. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмысымызды жүйелеп, Тәжікстан астанасы Душанбені бетке алып, осы сынды және бір жобаға дайындықты бастаймыз, – деді ЭЛЬМИРА ШОРАҚЫЗЫ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

двадцать + восемнадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар