Шиелілік шенеуніктер желі қолданушысынан кешірім сұрады

shieli 44a34db1b6

Аудан әкімінің спортшылармен кездесуінен ақпарат таратқан әкімдік өкілдері әлеуметтік желі пайдаланушысынан кешірім сұрауға мәжбүр болды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Шиелі ауданы әкімдігінің ресми парақшасында «аудан әкімі спортшылармен кездесті» деген жазба жарияланды. Онда аудан басшысы Нұржан Ахатовтың спорт күні мерекесіне орай, осы салада жүрген азаматтармен кездескені жазылған. Сондай-ақ шенеуніктер тарапынан спортшылардың ұсыныстары бойынша тиісті жұмыстар атқарылады делінген.

WhatsApp Image 2023 08 21 at 15.25.51

Ал бірақ осы жазба астына Ақмарал Оспанова есімді азамат өзінің өкпе-ренішін білдіріпті. Ол таэквондодан біраз жетістікке жеткен қызына аудан басшылығы тарапынан ешқандай қолдау көрсетілмей келеді деп пікір қалдырған.

экрана 2023 08 21 153954

«Шиеліде қаншама жеткіншектер Азия мен әлемді бағындырып, жүлдемен қайтып жатыр. Ауданнан ең болмаса соларға ақ жол тілеп, мотивация беріп жүрген бірде-бір жанды көріп, естіген жоқпын. 25-тамыз Еуропаға Шиелі емес, Қазақстанның намысы үшін бара жатқан спортшылардан аудан әкімі, мәдениет және спорт бөлімі бейхабар», – деп пікір жазған желі қолданушысы.

S3850001.MP4.Still008

Ал аудан әкімдігіндегілер спортшыларға қолдау жасамай жүргендерін енді түсінді ме, әйтеуір қателіктерін мойындағандай болыпты. Желі қолданушысының шағымына «кешірім сұраймыз» деп жауап берген.

экрана 2023 08 21 154024

«Біздің тарапымыздан қателіктер кеткен болса, кешірім сұраймыз. Алдағы уақытта спортшыларымызды қолдау бағытындағы жұмыстарымызға ерекше күш салынатын болады», – деп жазды аудан әкімдігінің ресми парақшасы.

Бөлісу:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар