Шиеліде жалпыхалықтық сенбілік жүргізілуде

1675163498 top fon com p beregite prirodu fon dlya prezentatsii 20

«Таза Қазақстан – Таза аймақ» экологиялық акциясы аясында Шиеліде сенбілік өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Сыр өңірінде «Таза Қазақстан – таза аймақ»  экологиялық науқаны бастау алды. Ауқымды экологиялық науқан бес аптаға созылып, оның әр аптасы белгілі бір тақырыпқа арналды. Сәйкесінше, 14-20 сәуір дейінгі апталық «Киелі мекен»  деп аталған болатын. Бұл аптада тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Аталған шараға Шиелі ауданы тұрғындары ерекше қолдау білдіруде. Аудандағы  киелі орын саналатын Оқшы ата қорымының айналасына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаш көшеттерін отырғызды.

Науқанға жергілікті тұрғындар, мәдениет қызметкерлері мен еріктілер барлығы 30-дан аса адам қатысты.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар