Шенеуніктер жоқ жолды жөндеуге 328 млн теңге бөлген

4497af06240d4f559cf58eb720bc7009

Олар тіпті қыруар қаражатты бөліп, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс жарияламақ болған. Алайда прокурорлар заңсыздықты уақытында анықтап, конкурсты тоқтатты, деп хабарлайды “Азатық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының прокурорлары мемлекеттің қаражатына жоқ жолды жөндемек болған шенеуніктердің әрекетіне тосқауыл қойды. Яғни экономика және қаржы бөлімінің өкілдері “Ақжарық-Аппаз” тас жолын жөндеуге тендер өткізбек болған. Ол үшін 328 млн теңге бөліп қойған. Ал негізінде әкімдіктің балансында мұндай тас жол болмаған.

“Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы” Заңның 60-бабының 1-тармағына сәйкес объектілер мен олардың кешендерінің құрылысы жобалық (жобалық-сметалық) құжаттама бойынша жүзеге асырылады. Осы норманы бұза отырып, экономика бөлімі құрылыс жобасы жоқ жаңа тасжол салуға әрекеттенген. Жолдың бұл учаскесінде жергілікті және облыстық деңгейдегі уәкілетті органдардың балансында ешқандай жол жоқ екені анықталды”, – деп хабарлады АҚТОҒАЙ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

20 + два =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар