Шартты түрде сотталды: Алматыда күдіктіні азаптаған екі полицейге үкім шықты

scale 1200placeholder

 Алматыда күдіктіні азаптаған екі полицейге үкім шықты, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Алматыда 2 полиция қызметкері ұрлыққа байланысты қолға түскен күдіктіні мойындату үшін азаптау әдісін қолданған.

Алматы қаласының арнайы прокуроры бұл қылмыстық істі тергеп-тексерген.

«2023 жылы 29 наурызда кінәлі полиция қызметкерлерінің туысының пәтерінде, жеткізілген азаматқа қатысты оған бөтеннің мүлкін ұрлағанын мойындату мақсатында азаптаулар қолданылғаны дәлелденді.

Полицияның заңға қайшы әрекеттерінің нәтижесінде жәбі рленушіге тән азабы келтірілген.

Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыларға 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Сотталғандар арнаулы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді», — делінген прокуратура хабарламасында.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 × пять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар