Токио-Цюрих рейсінің жолаушысы инсульт алды. Әуе кемесінде денсаулығы нашарлағаны себепті ұшақ шұғыл түрле Астанаға қонуға мәжбүр болған, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушының жағдайы ауыр.
«Ағымдағы жылдың 17 тамызында жедел жәрдем қызметімен №2 қалалық көпсалалы ауруханаға жедел ми қан айналымы бұзылған (инсульт) ер адам жеткізілді. Оның қазіргі жағдайы ауыр», — деп хабарлады басқарма өкілі.
52 жастағы жапон азаматы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 88-бабының 5-тармағына сәйкес емделіп жатыр.