459058870 930580432440927 8910867964307135236 nplaceholder

Сауда үйінде экспромт кездесу болды

Бүгін аймақтық Халықтық штаб өкілдері «Қызылорда» сауда үйінде тұтынушылармен экспромт кездесу өткізіп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын мақсат-міндеттер мен АЭС салудың маңыздылығын түсіндірді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Кездесу барысында азаматтар белсенділік танытып, штаб мүшелеріне АЭС-ның қоршаған ортаға тигізер зияны мен пайдасы, радиоактивті қалдықтар және нысанның салынатын орны, тариф жайлы сұрақтарын қойды.

– Қазақстанда АЭС-ның құрылысы 2035 жылға қарай елдің энергетикалық балансындағы атом энергетикасының үлесін 12%-ға дейін арттырады. Бұл ретте көмір жағу арқылы өндірілетін энергияның үлесі қазіргі 61%-дан 40%-ға дейін төмендейді. Яғни, АЭС-ның құрылысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғана емес, төмен көміртекті экономикаға жаһандық көшуге жол ашады. Сондай-ақ болашақта тұрақты дамуға мүмкіндік береді, – деді өз кезегінде сөз алған айамақтық Халықтық штаб мүшесі Ержан Искендер.

Ал штаб мүшесі Қанағат Сақтағанов: Атом электр станциялары қоршаған ортаны түтін газдары, күл, мұнай өнімдері бар ағынды сулар сияқты заттармен ластамайды. АЭС қалдықтарының көлемі басқа өнеркәсіп қалдықтарымен және одан да жоғары жылу электр станцияларының қалдықтарымен салыстырғанда аз. АЭС пайдалану кезінде әрбір 1 ГВт орнатылған қуаттылыққа немесе 60 жыл жұмыс істегенде 3 600 тоннаға жылына шамамен 50 текше метр радиоактивті қалдық түзіледі. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі атом электр станцияларын пайдаланудың көп жылғы тәжірибесі олардың адамдарға және табиғатқа зиянын тигізбейтінін растап отырғандығын жеткізді.

Елдің дамуы жолындағы маңызды мәселе төңірегінде ақпаратқа қаныққан тұрғындар, қолдауға ниетті екендіктерін білдірді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

двенадцать − шесть =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар