
Сарбазға оқу-жаттығу кезінде оқ тиіп, көз жұмды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Маңғыстауда әскери оқу-жаттығулар кезінде мерзімді қызметтегі сарбаздың бетіне оқ тиіп, ауруханаға жетпей қайтыс болған.
Ақтау гарнизонының мәліметінше, жантүршігерлік оқиға 7 қыркүйекте «Оймаша» полигонында болған. Ол жерде «Батыс» аймақтық қолбасшылығының құрылымдары оқу-жаттығулар өткізген.
«Қару-жарақты қолдау ережелерін бұзу салдарынан мерзімді қызметтегі сарбаз ауыр жарақат алып, қайтыс болды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — делінген ресми хабарламада.
Қазіргі күні адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпараттар жарияланбай отыр.