Сапалы байланыс орнату мәселелері қаралды

448641000 766114189043161 1213605372638060833 n

Қызылорда облысындағы 230 ауылдық елді мекеннің 213-і мобильді байланыспен қамтамасыз етілген. Қалған 17-сіне «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2027 жылға дейін интернет жеткізу жоспарлануда, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында өңірдің 73 ауылдық елді мекенінің мемлекеттік органдарына талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту толығымен аяқталды. Тағы 64 ауыл әкімдігі, 72 білім беру мекемесі және 69 медициналық мекеме желіге қосылды.

Мобильді интернеттің сапасын арттыру мақсатында Қызылорда қаласында Kcell операторының 5G стандартындағы 16 базалық стансасы, Tele2 байланыс операторының 7 нүктесі жұмыс жасауда. Жыл соңына дейін 33 базалық станса орнатылады.

Биыл «КаР-Тел» компаниясы 10 ауылдық елді мекенге базалық станция салуды жоспарлауда. Мұнан бөлек, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Қызылорда облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойына 9 антенна-діңгек орнатылмақ. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін бюджеттік өтінім беріліп, аудан әкімдіктері жер телімдерін бөлді. Талшықты-оптикалық байланыс желісі мен электр энергиясына техникалық құжаттар алынды, құрылыс басқармасы жобалау жұмыстарымен айналысатын мекемені анықтады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар