Сападан жұрдай мемлекеттік баспана!

экрана 2023 07 11 190310

Қызылорда қаласында тұрғындар мемлекеттік бағдарламамен алған пәтерлеріне қоныстана алмай жүр. Өйткені шенеуніктер көпбалалы және мүгедек жандарға айналасы аңғал-саңғал, не ауыз суы, жарығы, табиғи газ бен жолы жоқ баспана берген. Тіпті пәтерлердің іші әбден тозған. Ал қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай мәселені шешудің орынына шағымын айтқан тұрғындардың өзіне жекіп тастады, деп хабарлайды  «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

WhatsApp Image 2023 07 11 at 17.43.55

Көпбалалы ана Анар Әбжәлиева мамыр айының соңында “Бақытты отбасы” бағдарламасымен жеңілдетілген несие арқылы берілетін баспанаға кезегі келгенде қатты қуаныпты. Бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген тұрғын жағымды жаңалықты ести сала, алып ұшып жаңа қонысын көруге келген. Сол сәтте қуанышы су сепкендей басылыпты. Аты жаңа болғанымен, үйдің іші әбден тозған. Ең сорақысы, не ауыз су, жарық, тіпті газ да қосылмапты. Амал жоқ, содан бері жалдамалы пәтеріме қайта барып тұруға мәжбүр болдым дейді көп балалы ана.

WhatsApp Image 2023 07 11 at 17.43.41

“Көп пәтерлердің батареялары жарық. Аулада асфальт төселмеген, қоршалмаған. Қолымызға графиканы алдық. Пәтердің ақысын төлейміз және ипотека төлейміз. Біз вообще без выходное полажениеде қалдық”, – дейді көпбалалы ана Анар Әбжәлиева.

Анар Әбжәлиева секілді мемлекеттік бағдарламамен баспана алса да, оның қызығын көре алмай жүрген бірнеше тұрғын бар.

WhatsApp Image 2023 07 11 at 17.43.41 1

“Мердігердің айтатыны свет жоқ майшаммен отыра тұрыңдар дейді, құрылыс бөлімінің бастығы сіздерге газ жоқ тоқпешпен тамақ істеп отыра беріңдер деп мазақ өқылып кетті ақыр соңы. Әлі нақты күн жоқ. Светті әлі қосып береміз деп жатыр. Суды әлі қосып береміз деп жатыр”, – дейді тұрғын Дархан Жұмағұл.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған осы көпқабатты үйлердің құрылысы 2021 жылы аяқталып, мемлекет меншігіне өткізілген. Баспаналарды салуға бюджеттің бақандай 500 миллион теңгесі жұмсалған екен. Бір қызығы, бұған дейін бірде-бір жан тұрмаған жаңа баспаналарда олқылықтар өзінен-өзі пайда болды дейді жауапты бөлімнің басшысы.

WhatsApp Image 2023 07 11 at 17.43.41 2

“Екі жылдың ішінде ақаулар өзі туындаған. Батареялар пневматический испытаниемен емес, гидравлический испытаниемен жасалған. Батареяның ішінде судың қатып қалуына байланысты жарылған. Олар қазір толық қанды қалпына келтіріліп жатыр”, – деді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Айдын Әнуар.

Осы жолы да басшылар су, жарық жақын күндері қосылады деп уәде берді. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолы мен пәтер ішіндегі кемшіліктерді де қалыпқа келтіреміз дейді. Ал ипотекалық несиесін төлеп, бірақ жаңа баспанаға бас сұға алмай жүрген көпшіліктің басшылар сөзіне сенбестен басқа амалдары қалмаған.

АВТОР:АБАЙ НҰРЖАНҰЛЫ

Бөлісу:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар