Samsung Electronics Қазақстанда өндіріс орнын ашпақ

kz1 4303 2

Samsung Electronics компаниясы елімізде тұрмыстық техника шығаруды қолға алғалы отыр, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай бастаманы барынша қолдайтынын айтты.

Сондай-ақ Корея Қазақстанның ең ірі 5 инвесторының бірі саналатынын мәлімдеп, екі ел арасындағы сауда-экономика салаларына ерекше маңыз қоятынын жеткізді.

“Біз Президент Юн Сок Ёль мырзамен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға келістік. Әсіресе, инфрақұрылым, өндіріс, қаржы, энергетика, экология, автомобиль мен аэроғарыш өнеркәсібі, IT, цифрландыру және басқа да салаларға басымдық беріп отырмыз. Қазір Doosan Enerbility компаниясы Түркістанда бу-газ қондырғысы арқылы жұмыс істейтін электр стансасын салып жатыр. Сонымен қатар Samsung Electronics компаниясы елімізде тұрмыстық техника шығаратын өндіріс ашуға ниет білдірді. Біз мұндай бастаманы барынша қолдаймыз. Сондай-ақ GL Ralpha компаниясы Астанада биофармацевтика зауытын салуды жоспарлап отыр, – деді МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар