ҚР ҚМ МКК Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Елшібеков Еркін Кеңесбекұлы партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдау өткізді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Қабылдауға келушілер автокөлік салығын есептеу, декларация тапсыру уақыты мен тәртібі және банкроттық деп танылу заңдылықтары бойынша кеңес сұрады. Келушілердің барлығына тиісті жауаптар беріліп, қосымша ақпарат алу үшін департаментке жүгіну мүмкіндігі бар екендігі айтылды.
Нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген декларациялау нысандары мен заңдылықтары түсіндірілді. 3 сатылы декларациялау жүйесі енгізілді. 2025 жылдан бастап жалпыға ортақ декларация тапсыру басталатыны айтылды.
Көлік салығын төлемеген жағдайда қандай жауапкершілік көзделгені туралы сұрақ бойынша түсіндірме берілді. Салық Кодексінің талабына сәйкес салық төлеу жайлы, кіріс органдарымен ескерту берілетіні, егер бұл талаптар орындалмаған жағдайда құжаттар сот орындаушылардың қызметіне берілетіні түсіндірілді.