Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына – 100 жыл

c9c0deff 3fd9 4ee2 a249 63aaaae8b843

Биыл Кеңес одағының батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, қаһарман атағын алғаш алған әскери қолбасшы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толды. Мерейтой қарсаңында сырбойылық өрендер игі шара ұйымдастырды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен М.Ықсанов атындағы колледжінде және Б.Шалғынбаев атындағы №217 мектеп қабырғасында «Жас шекарашы» әскери-патриоттық үйірмесінің мүшелеріне Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орай «Ерлік сабағы» өтті. Ардагерлер батырдың өмір жолын және жасаған ерліктері жайлы сөз қозғап, жастардың осындай нар тұлғаларға қарап бой түзеу керек екенін жеткізді. Шара соңында білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, әскери өмірге деген қызығушылықтары оянғанын жеткізді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар