462146725 2110692259326275 7361894010032085582 nplaceholder

Референдум: 165 азамат есептен шығару куәлігін алды

6 қазан – республикалық референдум. Маңызды күнде Қызылорда өңірінің азаматтары дауыс беруге белсенді қатысуда, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Дауыс беру күніне дейін өзге өңірден келген немесе басқа да себептермен өз учаскесінен тыс жерде дауыс беруге ниет білдірген азаматтар учаскелерден есептен шығару куәліктерін алды.

Аймақта 165 азамат есептен шығару куәлігін алуға өтініш жазған. Оның 87-і Қызылорда қаласынан, 78-і аудандардан алған.

Еске салайық, референдум күні облыс бойынша 492 380 азамат дауыс беруге құқылы.

Өңірде азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 179 онлайн сервис жұмыс істейді. Сондай-ақ, азаматтарды уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 онлайн учаске бар.

Облыста 380 референдум учаскесі жұмыс істейді. Мұнда 2652 комиссия мүшелері қызмет атқарады.

Қажеттіліктерге қарай учаскелерде 48 ымдау тілінің маманы қызмет атқарады. Сондай-ақ, 72 учаскеде 105 азаматқа Брайль қарпімен жазылған трафереттер қолжетімді.

Референдум күні облыс бойынша 492 380 азамат дауыс беруге құқылы.

Аймақта азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 179 онлайн сервис қызмет жасауда. Барлығында «егов» арнайы сервистері қамтылған.

Дауыс беру күні азаматтарды уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 онлайн учаске жұмыс істеуде. Олар №198 РУ – №5 мектеп-лицей №250 РУ – №261 орта мектеп, №189 РУ – №136 мектеп-лицей, №264 РУ – №264 мектеп-лицей, №347 РУ – №271 орта мектеп.

Облыс бойынша 380 референдум учаскесі бар. Оның 126-сы Қызылорда қаласында, 254-і аудандарда орналасқан.

Учаскелер таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді, 6 учаске таңғы сағат 6-да жұмысын бастады. Ол үшін арнайы қаулы бекітілген. Уақытша болу орнындағы 27 учаскеде дауыс беру ерте аяқталуы мүмкін. Олар – әскери бөлімдер, емдеу-профилактикалық мекемелері, тергеу изоляторлары және тағы да басқа мекемелер.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 × один =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар