Сыр өңірінде ҚР рәміздер күні мерекесі аталып өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Мемлекеттік рәміздер – егемен еліміздің тәуелсіздігін айғақтайтын, біртұтастығын бейнелейтін, бүгіні мен болашағын бағдарлайтын жарқын бейнесі.
Осыған орай, қаладағы Рәміздер алаңында ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік салтанатты шара Әнұранмен басталды.
Іс-шара барысында Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуына ерекше үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталып, құрмет төрінен көрінді.
Мерекелік шара соңында Мемлекеттік Ту көтерілген жеңіл көліктердің қатысуымен автошеру ұйымдастырылды.