Радикал ағымды насихаттаған адам ұсталды

948cd02c 50c6 4939 8f25 0aa089fec01c

Бұқаралық ақпарат құралдарында діни себептерді алға тартып жұртшылықты зорлық-зомбылық жасауға шақыратын материал таратқан ер азамат ұсталды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Радикал діни ағымды ұстанатын 30 жастағы тұрғын өз ортасында және әлеуметтік желілерде өзге дінді ұстағандарды төмендететін, сондай-ақ дінді себеп қыла отырып, зорлық-зомбылық жасауға итермелайтын ақпараттар жариялап отырған. Қостанай облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шаралар нәтижесінде күдіктіні қолға түсірді.

“Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, терроризмді насихаттағаны үшін оған қатысты 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделіп отыр, ал діни алауыздық тудырғаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін”, – деді басқарма бастығының міндетін атқарушы СӘБИТ ИБРАЕМОВ.

Оның сөзінше, аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Бүгінде тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

10 + тринадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар