Полицейлер айналымнан алынған қаруларды жою акциясын жасады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Тұрғындар ерікті түрде суық қаруларын құқық қорғау органдарының мамандарына әкеліп тапсырды. Шараға арнайы техникалық комиссия құрылып, Полиция департаменті қызметкерлері қатысқан.
– Тәркіленген және тауып алған, сонымен қатар қару өткізу акция іс-шарасы кезінде ерікті түрде 600 дана, оның ішінде 7 ойық ұңғылы, 550 тегіс ұңғылы, 11 шолақ мылтық және 32 газды травматикалық қару ОПД-мен қабылданды, делінген Полиция департаментінің Баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.
Аталмыш қаруларды жою үшін Әскери және арнайы жабдықтау базасына өткізген. Айта кету керек, атыс қаруларын жою акциясы осымен 7 рет ұйымдастырылып отыр.