“Қорқынышты”. Қызылордалық оқушылар қауіпті өткелмен қатынауға мәжбүр

i

Тасбөгет кентіндегі жұрт қалаға қатынау үшін шұрық-тесік көпірдің үстінен өтеді. Тіпті тоз-тозы шыққан өткелмен күніне ондаған оқушы сабаққа барады, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Әр жері бері шұқырға айналған көпірдің көрінісін тұрғын әлеуметтік желіде жариялады. Оның айтуынша әсіресе бұл балалар үшін қауіпті.

-Барлық жері тесілген. Мұнда оқушылар жүр. Күнделікті сабаққа қатынайды. Қорқынышты ғой, – дейді видеоның авторы.

Өзге де желі қолданушылары видео авторының шағымына қосылады.

“Мен де өткенмін. Жүрегім ұшып, әзер жүрдім”, “Бір адамның басы жетпей ме екі жағына қоршау салуға?”, “Бізде адам өлмесе, мәселе шешілмейд”, – деп жазды желі қолданушылары.

Бұл мәселеге әкімдік өкілдері жауап берді. Олардың айтуынша Тасбөгет тұрғындарының қалаға қатынауы үшін жаңадан көпір салынып жатыр.

Аталған көпір инженерлік инфрақұрылымға арналған. Ағымдағы жылы Тәуелсіздік даңғылынан Тасбөгет кентіне өтетін жаңа көпірдің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз, – деп жазды қалалық ТҮКШ бөлімінің ресми парақшасында.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар