Қызылордадағы 29 ауылды тасқын су басу қауіпі төнді

syrdarya snh.mpg.Still001

Қазірдің өзінде ауа райының жылынуына байланысты бірнеше елді-мекен тұсындағы Сырдария өзенінде сең кептелісі басталған. Сондықтан әкімдіктер осы бастан эвакуациялық бекеттерді дайындап жатыр, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

syrdarya snh.mpg.Still003

Әсіресе Сырдарияға жақын орналасқан Шиелі ауданына қарасты Қарғалы мен Таштоп елді-мекендерінің тұсында мұз жиналып қалған. Одан бөлек тасқын қауіпі Төменарық ауылына да төніп тұр. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қазір қауіпті аумақтарды күндіз-түні бақылауға алғандарын айтады. Одан бөлек тікұшақпен барлау жұмыстары да жүргізіліп жатыр дейді. Айта кетейік, сең жүру сәтіндегі елді-мекендерді су басу қауіпінің алдын алу үшін бюджеттен 14 миллион теңге бөлінген екен.

syrdarya snh.mpg.Still002

-Қажет болған жағдайда тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру үшін 59 жинақтау және 69 қабылдау эвакуациялық пункті дайын. Күн сайын біздің қызметкерлер мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Сырдария өзені бойындағы арналарды аралап, мониторинг жүргізеді. Қазіргі уақытта жағдай ерекше бақылауда. – дейді РУСЛАН ҚАЙРАҚБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

тринадцать + семнадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар