Қызылордада миллиардтан аса қаржы жымқырған білім саласының қызметкерлері сотталды

6531214f78c9f414523948

Жаңақорған ауданының білім беру саласы қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жаңақорған аудандық соты «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Б. Ибрагимовқа, бас бухгалтері К. Аязбаеваға және 24 мектептің бухгалтерлеріне қатысты үкім шығарған. Олар жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып отыр.

  • Сот үкімі бойынша мекеменің басшысына және бас бухгалтеріне 8 жыл бас бостандығынан айыру, мектеп бухгалтерлерінің біріне – асырауында жас баласының болуына байланысты 5 жыл мерзімге жазасын кейінге қалдыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген хабарламада.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте және өзге де ұйымдарда қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енбеген.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 × 3 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар