Қызылордада есірткі еккен азамат өз еркімен полицияға берілу сәтіне журналистерді шақырды

WhatsApp Image 2023 08 29 at 18.26.14

Өйткені ол тәртіп сақшыларына өз аяғымен барып, қамауға алынғаны барлық елге жария болса екен дейді. Тіпті 47 жастағы азамат кінәсін де толық мойындайтынын айтты, деп хабарлайды  «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

WhatsApp Image 2023 08 29 at 18.26.15

Қала тұрғыны Талғат Мырзабеков өз үйінің ауласында сора өсімдігін еккенін жасырмайды. Бұл қылмысын полицейлер 23-тамыз күні әшкерелеген. Бірақ сол сәтте құзырлы орган өкілдерінен қорқып, қашып кеттім дейді. Алайда кейін бұл әрекетінің дұрыс емес екендігін түсініпті. Ал полиция басқармасы Талғат Мырзабековке іздеу жариялаған.

WhatsApp Image 2023 08 29 at 18.26.15 1

«Шейттей бала-шаға бар, басқа ешқандай қашатын нәрсем жоқ. Өзім мойындап осы келіп отырмын. Өзім сондай өкініп отырмын. Шынымен, дәл мұндайға шабады деп ойлаған жоқпын. Арнайылап бір егіп, баптап әдейілеп әрекет жасаған жоқпын. Үйдің бәрі ашық жан-жағы» – деп өкініш білдірді Талғат.

WhatsApp Image 2023 08 29 at 18.26.15 3

Бүгін іздеуде жүрген азамат әуелі адвокатқа келіп кеңес алды. Содан соң қалалық полиция басқармасына өз аяғымен барды. Ол жақтағы қызметкерлерге өзінің іздеуде жүргенін және қанда қылмыс жасағанын айтып берді.

Ал полиция департаментінің өкілдері Талғат Мырзабековтың әрекетіне байланысты тергеу басталғанын хабарлады.

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен іс қозғалды. Яғни «өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді сора егу» дерегі бойынша іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде», – деп мәлімдеді қалалық полиция басқармасындағылар.

Талғат Мырзабеков төрт баласы барын айтады. Айтуынша бұрын-соңды сотталмаған. Сондай-ақ заңсыз есірткі егу қылмысын бірінші рет жасадым дейді. Енді тек сот жаза кескенде осы жағдайлар ескерілсе екен деп үміттеніп отыр.

 

Автор: Абай Нұржанұлы

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

тринадцать − одиннадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар