Қызылордада арбаға танылған жандар шенеуніктерге өкпелі

kopir lift.mpg.Still004

Қызылордадағы І-ші топ мүгедектері қаладағы көпірлердің техникалық жағдайына көңілдері толмай отыр.  Ашып айтсақ, қаланың ішінде үлкен көшелердегі және теміржолдың үстінен салынған жаяу жүргіншілерге арналған өткелдердің бірінде пандус болмаса екіншісінде лифті жоқ. Ал ашылғанына бір ғана ай болған жаңа көпірдің жеделсатысы мүлдем істеймейді екен, деп хабарлайды «Азаттық Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

kopir lift.mpg.Still005 kopir lift.mpg.Still003

Қызылорда қаласының тұрғындары тура бір ай бұрын ашылған жаяу жүргіншілерге арналған көпірдегі жеделсатының игілігін әлі күнге көре алмай отыр. Яғни, әкімдер өткелдің лентасын салтанатты түрде қиған сәтте ғана іске қосылған қондырғы, бірнеше күннен кейін жұмысын тоқтатқан. Осы секілді қаладағы үлкен даңғылдардың үстінен өтетін өткелдердің кейбірінде тіпті лифті де, пандус та қарастырылмаған. Ал арбаға танылған мүгедек жандар шенеуніктер бізге мүлде көңіл бөлмейді деп өкпелі.

kopir lift.mpg.Still006

– Мүлдем мүмкіндік қаралмаған ғой бұл жерде. Бұл жерден өте алмаймыз біз. Бізге енді мысалы жолдың үстімен өту өте қиын. Анау жақпен барып, айналып өтуіміз керек. – дейді БАУЫРЖАН ТИМУРЗАЕВ, І ТОП МҮГЕДЕГІ.

kopir lift.mpg.Still007

– Темір жолдың арғы бетіне өту үшін такси жалдап, или инватаксимен айналып барамыз. Мына жақтан өз еркімізбен көріп тұрғандарыңыздай өте алмаймыз ешқандай. Келгенмен де құлып тұрғаннан кейін пайдалана алмаймыз ғой. Әшейін бар ма бар болды. – дейді МҰРАТ ІЗБЕНБЕТ, І ТОП МҮГЕДЕГІ.

kopir lift.mpg.Still001 1

Ал әкімдік өкілдері жақында пайдалануға берілген өткелдегі жеделсатының батырмасын бұзақылар сындырып кеткен дейді. Сондықтан уақытша құлыптап тастауға мәжбүр болдық деп отыр.

kopir lift.mpg.Still008

Құлагердегі лифті кеше жақында ғана ашылды. Оның лифтісі істеп тұр. Оны қаланың жас балалары барып, өздеріңіз көргендей бұзып кетті. Лифтіні пайдаланатын мүгедектерге карточка жасатып жатырмыз. Только сол кісілер мініп-түсе алатындай қылып. – дейді ҒАЛЫМЖАН ЕРКЕБАЙ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ.

Яғни қалада өткелдердің лифтісін тек сол аумақта тұратын мүгедек жандар ғана пайдалана алады дейді әкімнің орынбасары. Бұдан бөлек жеделсаты орнатылмаған көпірлердің мәселесі әлі қаралып жатыр екен. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтар шенеуніктер жеделсатыны пайдалану құқығын шектемей, бәрімізіге бірдей мүмкіндік берсін деп талап қойып отыр.

Бөлісу:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар