Қызылордада әкімдіктің берген баспанасында 21 жастағы мүгедек қыз қайтыс болды

WhatsApp Image 2024 01 11 at 16.00.30

Екі қабатты тұрғын үйде күнелтіп жатқан өзге азаматтар пәтердегі электр тоғы тұйықталып, марқұм содан шыққан түтінге тұншығып қалған дейді. Сот сараптама орталығы болған осы ғимаратта қазір көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі жандар тұрып жатыр.  Тұрғындар шенеуніктер бізге электр сымдары жиі өртеніп, кәріз иісі мүңкіп шығатын адам тұруға төзгісіз баспана берді деп ашынып отыр, деп хабарлайды «Азаттық Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

WhatsApp Image 2024 01 11 at 16.06.58

Көпбалалы ана Ұлболсын Мырзабек әкімдік уақытша берген баспанада тұрып жатқанына бір жылдан асқан. Сот сараптама орталығы болған ғимараттың қуықтай ғана бір бөлмесінде күн кешу қиынның қиыны дейді. Өйткені жылуы мардымсыз ескі ғимараттың ішкі қабырғалары көгеріп кеткен. Ал электр сымдарынан жиі ақау шығатындықтан тоқпеш арқылы үйді жылытуға қорқып қалғанын айтады.

WhatsApp Image 2024 01 11 at 15.52.57 2

-Тығылысып бір бөлмеде жатамыз. Тамақ дұрыс істей алмаймыз. Иісі шығады газдың. Баллоннан қорқамыз. Тоқ шәйнектен 2-3  рет от шығатындай болып, қорқады балаларым. 1-2 рет бардым. Уақытша баспананы басқа дұрыс жерден бересіздер ме деп. Ұнамас,квартираға шығыңдар деді. Сосын амал жоқ отырмын. – дейді ҰЛБОЛСЫН МЫРЗАБЕК, КӨПБАЛАЛЫ АНА.

WhatsApp Image 2024 01 11 at 15.52.57 3

Көпшілік уақытша паналаған мына ғимараттың дәлізіне кіргеннен-ақ дәретхананың иісі мүңкіп шығады. Тіпті сасық иістен емін-еркін тыныстау мүмкін емес. Ал осы баспанада қазір 15 отбасы күн кешіп жатыр.

WhatsApp Image 2024 01 11 at 16.00.54

Бүкіл көрпе-төсек деген мынау. Дәрет деген үйге жайылып жатыр ғой. Мына балалар өлетін болды ғой. Денсаулықтары кетті. Неше рет скорый шақырылып жатыр. – дейді тұрғындар.

Ал жауаптылар уақытша баспананың тұрғындарына қолдан келгенше қолайлылық жасап жатырмыз деп ақталды. Көпшілік бұл жерде адам өліп жатыр деп шыр-пыр болса да, шенеуніктер оларды басқа баспанаға көшіруге құлықсыз.

WhatsApp Image 2024 01 11 at 16.00.35

Қазір қала әкімдігі тарапынан ақау актісі жасалып қажетті материалдарды алу жұмыстары жүргізілуде. Осы жақын күндері кәріз жүйесін жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жағдай енді мүгедек қыз бірінші топ мүгедегі. Анасы түсте есікті сыртынан құлыптап, кетіп қалған. Енді оның тоқтан болғанын немесе басқадан болғанын төтенше жағдайлар қортындысын береді. – дейді АБЗАЛ РЫСБЕК, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ.

Уақытша баспанадағы қайғылы жағдай 29-желтоқсанда болған. Жалғыз бөлмелі пәтердегі электр тоғының тұйықталыуынан өрт шығып, 21 жастағы қыз иістеніп көз жұмды дейді тұрғындар. Сондықтан тағы бір адам өлімі болмай тұрғанда, бізге жағдай жасалған баспана берсін деп талап етеді көпшілік.

 

Бөлісу:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар