Қызылорда облысындағы мектептерде жан түршігерлік заң бұзушылықтар анықталды

983bc3a8427bcbc5c7e35a5192899ebb scaled

Облыс прокуратурасы орта білім беру мекемелерінде тексеру жүргізуде. Алғашқы тексеру нәтижелерімен санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен өрт қауіпсіздігін бұзудың 200-ден астам фактісі анықталды, деп хабарлайды «Азаттық-ньюс» Ақпараттық агенттігі.

74472d431c0858319e22016fe06d577c

Кейбір мектептерде бейнебақылаудың «соқыр аймақтары» жойылмаған, жұмыс істемейтін бейнекамералар бар, салдарынан сапалы бақылауға кедергі келтіреді. Информатика сабақтарында оқушылар бақылаусыз қалып, ересектер мен құмар ойындарға арналған сайттарға еркін кіруге мүмкіндік берілген. 

-26 мектепте мұғалімдерді конкурс өткізбей жұмысқа орналастыру фактілері анықталып, соттылығы бар және медициналық мекемелердің «Д» есебінде тұрғандар жұмысқа орналастырылған. Сонымен қатар, педагогтар жалған дипломмен жұмысқа қабылданғаны анықталып, олар бойынша қылмыстық іс тіркелді. Мектептерді тексеру жұмыстары жалғасады.- дейді ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

11 + 2 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар