Күштеп шешіндірген. Қызылорда облысында туған әкесі 7 жасар қызын зорламақ болды деген ақпарат тарады

WhatsApp Image 2023 10 23 at 16.55.09

Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде қаскөй әке өз қызына зорлық-зомбылық көрсеткен, деп хабарлайды «Азаттық-ньюс» Ақпараттық агенттігі.

WhatsApp Image 2023 10 23 at 16.56.19

Мұндай ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Онда туған әкесі өз үйінде 7 жасар қызын күштеп тыр жалаңаш шешіндірген жайында жазылған. Содан соң өзі де киімдерін шешіп тастаған. Қайта осы сәтте қыздың 6 сынып оқитын ағасы келіп, жеткіншекті құтқарып қалыпты.

“6-сыныпта оқитын келіп, әкесімен алысып жүріп, таяқ жеп, әрең құтқарған. Қарындасын далаға шығарып жіберген. Сосын көршісі қыздың анасын шақыртқан. Қазір анасы күйеуінің туыстарынан қорқып, ауыр қылмысты айтпаған”, – деп жазылған.

Қазір әкесінен озбырлық көрген қаршадай қыз үйіне баруға қорқып қалған екен. Ал бұған байланысты полиция департаментіндегілер “жас балаларды азғындық жолға түсіру” бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

WhatsApp Image 2023 10 23 at 16.56.19 1

“Дерек бойынша Қазалы ауданы тұрғынының арызы негізінде полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне ҚР ҚК-нің 124-бабы, 2-бөлігімен тіркелді. Күдікті азамат қамауға алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды”, – дейді құзырлы орган өкілдері.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

20 − 19 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар