Qurban2024.kz: Құрбандықты онлайн шалуға болады

44888620 0 0 1400 922 1440x900 80 0 1 ff59d37c1e8872e0d26d1892508776bc.jpg

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Басқарма qurban2024.kz сайты арқылы қазақстандықтар қашықтықтан құрбан шала алатынын жеткізді. Төралқа мәжілісінде ҚМДБ Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікханұлы сайттың қызметін таныстырған.

«Мұсылман қауымының қасиетті айт мерекесіне орай барша қазақ елін Құрбан айт күні жүзеге асатын қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырамыз», – деп жазылған хабарламада.

Үлкен қалаларда тұратын жұртшылыққа ыңғайлы болу үшін құрбандық шалу рәсімі офлайн және онлайн түрде өткізілмек.

Онлайн форматта сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы тиісті қаржыны аударып жібереді. Жеке адам қой мен ешкі, ал бір немесе 7 адам ірі қара мен түйе шалса болады.

Құрбандық шалу рәсімі өткен соң фото және видео есебі тапсырыс берген адамның нөміріне жіберіледі. Сондай-ақ смс хабарлама келеді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

три × три =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар