Қазалыда мемлекет қаражатына салынған алаң қараусыз қалды

экрана 2024 01 18 115352

Әкімдік тарапынан мүлде күтім жасалмағанын ауыл әкімінің өзі мойындап отыр, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

2015 жылы салынған Майдакөл ауылындағы Ұлы Отан соғысының батырларына арналған алаңның қазіргі күйі адамшошырлық. Тас төсеніштері опырылып, бетондары әбден мүжіліп жатыр. Тіпті майдангерлердің аты-жөні жазылған тақтадағы әріптер де түсіп қалыпты. Ал айналасын арам-шөп басқан.

Дәл осындай күйге түскен “тағзым алаңының” көрінісін ауыл тұрғыны әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

Ауыл әкімі Жанарыс Ернияздың айтуынша, майдангерлерге арналған алаңды салуға 2 миллион 650 мың теңге жұмсалған. Бірақ 9 жылдан бері бірде-бір күтім жасалмады дейді шенеунік.

“Ауданның бюджетінен қаражат алынып 2015 жылы салынды. Кеше жауын-шашынмен сынған баспалдақтары. Жөндеуге материалдарының бәрі алынып қойылды. Кафельдері, цементі, құмы. Бұл материалдар жеке қаржыға алынып отыр. Ауыл азаматтарының, менің қаражатыма. Өзі тұрған дүние ғой, күтім болмаған”, – дейді Ақжона ауылдық округінің әкімі ЖАНАРЫС ЕРНИЯЗ.

Яғни ауыл басшысы “жеңіс күніне” дейін алаңды қалыпқа келтіреміз деп сендіріп отыр. Жөндеу жұмыстарына әкімдіктің емес, ауыл тұрғындарының өз қаражаты жұмсалмақ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар