Қатты желге байланысты бірнеше әуе рейстері тоқтатылуы мүмкін

14608 original

Өйткені Қазгидромет бүгін дауылды ескерту жариялап отыр, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Бұл жайлы Астана қаласы әуежайының баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді. Айтуларынша елордада кешке дейін қатты жел болады деп болжанған.

Мұндай ауа-райында әуе рейстері тоқтатылуы немесе кешіктірілуі мүмкін. Дәл қазір әуежайдың айлағында қалың қар, желдің жылдамдығы 10 м/с, алайда желдің екпіні 15м/с дейін жетіп тұр. Бүгін елорда әуежайында 75 рейс жоспарланған. 7 рейс әуекомпаниялардың техникалық себептеріне байланысты кешіктірілуде. Ал ауа-райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе кейінге қалдыруы тіркелген жоқ, – деп хабарлады Астана әуежайының баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар