Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Х парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
«Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз. Домбыра төрден түспесін!», – деп жазды мемлекет басшысы.
Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылы шілдеде тойланды.