Полиция АҚШ азаматына туыстары туралы ақпарат іздеуге көмектесті

441054688 1999376470457855 330471432639536612 n

Америкалық Джефф Шайнгольд Қызылорда облысының Полиция департаментіне әкесі туралы мәлімет сұрап жүгінді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Оның әкесі, ұлты еврей, Тереңөзек ауданында тұрған (қазіргі Сырдария) және 1943 жылы қуғын-сүргін кезінде қамауға алынған. Полиция мұрағатында ұлының өтініші бойынша жан-жақты іздеу жұмыстары жүргізілді.

«2022 жылы ата-анамның 1942 жылы Қазақстанда Ұлы Отан соғысы кезінде тұрғанын білдім. Олар Польшадан нацистерден қашқан. Бізде сот хаттамасынан басқа мәліметтер болған жоқ. Іздеу нәтижесінде мұрағатта 80 жылға жуық сақталған құжаттар табылды. Олар менің ата-анам мен №6 ауылда жерленген ағама қатысты құжаттар. Полицейлердің арқасында біз олардың 1942 жылдан 1946 жылға дейін өмірлерінен біршама мағлұмат алдық», – дейді ДЖЕФФ ШФЙНГОЛЬД.

Қазақстанға келген ерлі-зайыптылар ата – анасы ғұмыр кешкен қазақ жеріне және ағасы жерленген зиратына барып, тағзым етті. Олар ата – анасының қымбат бейнесін жадында сақтау үшін естеліктерімен бөлісті.

Айта кету керек, облыстық Полиция департаментінің мұрағатында 30 мыңнан астам құжат сақталған. Бұл құжаттар туыстарының тағдыры туралы мәлімет іздеген жүз мыңдаған адамдарға, сонымен қатар тарихи ақпаратты толығымен қалпына келтіру үшін ғалымдар, журналистер мен тарихшылар үшін өте маңызды.

Арнайы мұрағаттың әлеуметтік-саяси маңыздылығы тек Қазақстанның ғана емес, шетел азаматтарының хаттарында да атап көрсетілген.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар