Полицейлерді елемеді. Жаңақорғанда түн ішінде шу шығарған жігіттер жұртты шошытты

2024 01 24 12 28 33 Trim.mp4.Still004

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Онда атпалдай азаматтардың көше бойында жан дауысымен айқайлап келе жатқаны көрінеді. Кейбірі “Аташауыл” деп ұрандатады. Сол сәтте тәртіп сақшылары қызметтік көлікпен топтың ортасынан өтіп кетеді. Бірақ жігіттер полицейлерге мән бермеген сыңай танытып, көшені бастарына көтереді. Ал мұны көрген қарапайым тұрғындар аң-таң күйде қалады. Көпшілік бұл кезде ондаған жігіт топтық төбелес жасауға бара жатты деген пікір білдірген.

2024 01 24 12 28 33 Trim.mp4.Still002

Ал полиция департаментіндегілер жігіттердің бұзақылық жасауына жол бермедік дейді.

“Бір топ азаматтар жиналып айқайлап жүр” деген хабарлама бойынша полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, олардың заңсыз әрекеттер жасауына жол бермей, полиция бөліміне барлық тұлғалар жеткізілген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жұмыстары жүргізілуде”, – деп мәлдімдеді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

десять + пятнадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар