Орындалмаған жоспар. Қызылордада министрге таныстырылған нысан әлі пайдалануға берілмеді

WhatsApp Image 2024 01 18 at 15.53.37 1

Қаланың сол жағалауындағы автовокзал құрылысының бүгін-ертең аяқталатын  түрі жоқ. Бірақ облыстың шенеуніктері өңірге келген Көлік министрі Марат Қарабаевқа нысан өткен желтоқсанда ашылады деп таныстырған болатын. “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігінің тілшісі жауаптылардан неліктен министрге орындалмайтын жоспар көрсеткенін сұрап білді.

WhatsApp Image 2024 01 18 at 15.53.36

Айта кету керек, былтыр 5-желтоқсанда еліміздің Көлік министрі Марат Қарабаев Қызылорда қаласына іс-сапармен келген болатын. Сол уақытта облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған бір топ шенеунік министрді сол жағалауда салынып жатқан автовокзал құрылысымен таныстырды. Таныстыру барысында Автовокзалдың “іске асыру мерзімі 2023 жылдың желтоқсан айы” деп жазылған тақтайшаны да көрсеткен болатын.

WhatsApp Image 2024 01 18 at 15.53.37

Бірақ бюджеттің 975 миллион теңгесіне салынып жатқан нысан құрылысының қазір тек 85 пайыз жұмысы ғана аяқталған. Ал жауапты басқарманың басшысы мердігердің уәдесіне сеніп қалдық деп отыр.

– Мердігер уәде берген жаңа жылға дейін ашып беремін деп. Енді ол үлгере алмады. Бірақ жұмыстар жүргізіп жатыр ғой.  Сол мердігердің уәдесі бойынша біз ақпарат тақтасын ілгенбіз.  Ал негізі құрылыс мерзімі 12 ай. Былтыр шілде айында басталды, биыл маусым айында аяқталу керек. Бірақ біз ауа райының қолайлығына байланысты наурыз мерекесіне орай ашамыз деп отырмыз”, – дейді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы ЖӘНІБЕК СЫЗДЫҚОВ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

20 − двенадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар