464760528 851016550552924 7602579132841482454 nplaceholder

Облыс әкімі «Мерей» тұрғын үй кешеніне барды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында қала орталығындағы жаңадан бой көтерген «Мерей» көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Аумағы 11 113 шаршы метрлік тұрғын үй 7 қабатты, 82 пәтері бар. Кешендегі негізгі жұмыстар аяқталған, аумағы абаттандырылып, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, биыл мемлекеттік қолдау мен ұлттық жобалар аясында қаржыландырудың барлық көзінен өңірде 863 900 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Мемлекеттік бюджеттен бөлінген 37 млрд 100 млн теңгеге 3 мыңға жуық пәтер табысталып, 13 мың тұрғын қоныстой тойлайды.

2022-2023 жылдары 4 мыңға жуық пәтер беріліп, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілген болатын.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

20 + 19 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар