Облыс әкімі Татарстан республикасының басшысымен кездесті

448972876 768141175507129 5331655795325506709 n

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Татарстан Республикасына жұмыс сапары кезінде осы елдің басшысы Рустам Миннихановпен кездесті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Кездесуде ортақ жобаларды жүзеге асыру туралы келіссөз жүргізілді. Татарстан тарапы ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға қызығушылық танытты.

Рустам Минниханов қалалар экономикалық өсу мен инновацияның қозғаушы күшіне айналатынын, халықаралық ынтымақтастық тәжірибе алмасуға ықпал ететінін атап өтті.

Татарстан – Ресей Федерациясының жетекші, индустриалды және инновациялық аймақтарының бірі.

Алдағы уақытта әріптестікке негізделген ауқымды жұмыстар атқару жоспарлануда.

Айта кетейік, Татарстанға сапары барысында Нұрлыбек Нәлібаев Қазандағы әйгілі «Кул Шариф» мешітінде болды. Одан кейін «Ак Барс» спорт кешенінде балуандар бәсекесін тамашалады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар