Облыс әкімі қаладағы бірқатар нысандарды аралады

Жазира Бағланқызы
1 Min Read
451772951 785230700464843 7851751122019849351 nplaceholder

Облыс әкімі қаладағы бірқатар нысандарды аралады

Сенбі күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаевпен бірге Қызылорда қаласындағы бірқатар нысандарды аралап, жаңарған орталық алаңды көрді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Кейінгі жылдары көпқабатты тұрғын үй аулаларына балалар ойын алаңдары көптеп салынуда. Аймақ басшысы орталық алаң маңындағы тұрғын үй аулаларына аялдап, балалар ойнайтын алаңдарға қойылатын басты талап сапа мен қауіпсіздік екенін ескертті.

Сондай-ақ, ескі автовокзалға барып, қалалар мен аудандарға қатынайтын көліктер тұрағын сол жағалаудағы жаңа автовокзалға көшіру жұмыстарын пысықтады. Ескі автовокзал аумағындағы тазалыққа қатысты түйткілдерді атап көрсетті. Жаңа автовокзал жолаушы тасымалына қойылатын талаптарға толық сәйкестендірілген. Облыс әкімі жолаушылар мен жүргізушілер игілігі үшін салынған жаңа нысанға көшіруді жеделдетуді тапсырды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 − два =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру